Қапы қалма – Нұржан Наушабаев

Бұл бетте «Қапы қалма» атты Нұржан Наушабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3240
Ей, Нұржан, қаламыңды қолыңа алшы,
Тоттанып бүршік басқан көңілді аршы.
Елу үш жасқа келдің кәрі тарлан,
Қыймылда қалған жоқ па бірер тамшы.

Тозаңы ат арбаның түтіндейді,
Жүйріктей шабатұғын тимей қамшы.
Құнан жоқ бәйге әперер тайдан озып,
Сен-дағы алды-артыңды қарасаңшы.

Әр түрлі тілек-мақсат бір болған соң,
Көңілде сайран етер хал болған соң.
Саудасын жігіттіктің босқа өткізбе,
Күркілдеп отырарсың шал болған соң.

Сөйлеп қал қызыл тілім шал боларсың,
Қу томар отқа жаққан тал боларсың.
Қартайып жасың жетіп келген шақта,
Артыңа бір қарауға зар боларсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қапы қалма өлеңінің авторы кім?

Нұржан Наушабаев — осы өлеңнің авторы.

Қапы қалма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қапы қалма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұржан Наушабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қапы қалма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері