Қара көз – Үкілі Ыбырай

Бұл бетте «Қара көз» атты Үкілі Ыбырай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4505
Шіркін-ай жақындығы қандай еді.
Құрбының өзі теңдес маңдайы еді.
Ахау, айым, қара көз айым,
Кез болған кезең жерде сәулетайым.

Бағдат шаһарында гүл жазира,
Мақсатқа жетемін бе, уа, дариға.
Ахау, бұлбұл, мойның бұрғыр,
Бұралып тал шыбықтай жолда тұрғыр.

Лағыл тас су түбінде жатады алтын,
Суының беті жылы, түбі салқын.
Суынан сол лағылдың сүзіп алып,
Азырақ көрер ме еді рахатын.
Ахау, айым, жорға тайым,
Кез болған кезең жерде қалқатайым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара көз өлеңінің авторы кім?

Үкілі Ыбырай — осы өлеңнің авторы.

Қара көз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара көз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Үкілі Ыбырай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара көз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері