Қаракөз /1-нұсқа/

Бұл бетте «Қаракөз /1-нұсқа/» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5620
Мынау қолым, Қаракөз, саған созған,
Махаббаттың жүректе оты қозған.
От жалындай көзіме көрінеді,
Желбіреген көйлегің берен боздан.

Қаракөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанда бармаған,
Сұм басым, үйбай, сөзге ерген.

Жүрген жүріс, Қаракөз, күлген күлкің,
Жанған жүрек қасында болсаң шіркін!
Сені ойласам, Қаракөз, ас батпайды,
Түнде ұйқым келмейді, күндіз күлкім.

Қаратаудың басынан түсер сағым,
Сағынғанда қайда едің, ғашық жарым?
Туған айдай секілді сүйген сәулем,
Сенің сұлу болғаның деуші ем бағым.

Жаман атты мінбеген жалды екен деп,
Жалынбағын жаманға малды екен деп.
Айналайын сүйген жар, айнып кетпе,
Аяғына қан түсіп қалды екен деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаракөз /1-нұсқа/ өлеңінің авторы кім?

Әсет Найманбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қаракөз /1-нұсқа/ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаракөз /1-нұсқа/ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әсет Найманбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаракөз /1-нұсқа/ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері