Қоңыр қаз /2-нұсқа/

Бұл бетте «Қоңыр қаз /2-нұсқа/» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5452
Қоңыр қаз көл жағалап қаңқылдаған,
Тізіліп көлге қонып салқындаған.
Көңілді басылыңқы оятқандай,
Әнге сал “Қоңыр қаздай” саңқылдаған.

Ахау, иісің,
Қоңыр қаз бен шаһибаз.
Айтқанмен таусылмайды
Көңілде наз.

Қоңыр қаз көл жағалап ұшқан өрлеп,
Салғандай түрлендіріп әннен өрнек.
Ән салсаң, “Қоңыр қаздың” әніне сал,
Көтеріп көңіліңді көкке сермеп.

Ахау, иісің,
Қоңыр қаз бен шаһибаз.
Айтқанмен таусылмайды
Көңілде наз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр қаз /2-нұсқа/ өлеңінің авторы кім?

Әсет Найманбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр қаз /2-нұсқа/ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр қаз /2-нұсқа/ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әсет Найманбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр қаз /2-нұсқа/ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері