Шынар-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Шынар-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5095
Қаратаудың басынан арша ап жүрмін,
Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.

[Қайырмасы]
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Кішкентайдан бірге өскен, қарағым-ай,
Көре алмастан жүзіңді аңсап жүрмін.

[Қайырмасы]
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым.

[Қайырмасы]
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Жаңа ғана жүзіңді көрсем-дағы,
Күлімкөз деп атыңды жорта қойдым.

[Қайырмасы]
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Зибаш-ай,
Қасыңның қара қиғашы-ай.
Құрбыңды, сәулем,
Сыйлашы-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері