Сен ғана – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Сен ғана» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4986
Жайма шуақ көктемнің жасыл күні,
Бал-бұлақтан естейсін мың күлкіні.
Аспан асты бір саған құмартқандай,
Тамылжыйды аулақта бұлбұл үні.

Қайырмасы:
Аялап тербеткен,
Сұрашы жер - көктен!
Әлемнің сенде қызығы,
күннің де сенде қызуы,
Бір өзің аңсарым,
Бір өзің жан-жарым!

Сабыр етші,жан сәуле, тыңда тағы,
Сен дегенде тау шыңы тіл қатады.
Аққайынмен сырласып ұзап шықсан,
Әншіл арман бір сен деп шырқатады.

Қайырмасы.

Кессем дағы қай өлке қай даланы,
Самал желі сені аңсап аймалады.
Махаббаттың көрдің бе құдыретін,
Жердің өзі бір сен деп айналады.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен ғана өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Сен ғана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен ғана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен ғана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар