Елес – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Елес» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1438
Жаз. Жайлау. Көлбейді алыс бел керіліп,
Қарасаң кернейтіндей кеудені үміт.
Еңкейіп жерге үңілген көк аспанның
алқасы тұр қол созым жерде ілініп.
Мал өріп: сиыр – сайға, жылқы-қырға,
жазыққа түйе атаулы ұмтылуда.
Қой-ешкі көк беткейде жамбастайды,
кіргендей шалғынға емес, ұрты құмға.
Күн нұры шашып бүкіл аймаққа құт,
сайларда бу кілкиді қаймақтанып.
Құнанға жайдақ мінген бозбалалар
келеді, малды өріске айдап салып.
Ақбоз үй, ішіне енсең – бүкіл ғалам!
Тіреп тұр сыртта көкті түтін-баған.
Самаурын бұрқылдаса от басында,
қазанда сары бауырсақ тыпырлаған.
Жеңгелер көзді жаулап сымбат, әрі,
әзілмен қайныларға тіл қатады…
Осындай ел бар еді, жаны-жайлау,
ақылгөй қариялы, жыр – баталы.
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елес өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Елес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері