Тіршілік
Бұл бетте «Тіршілік» атты Мақпал Жұмабай жазған өмір туралы өлең берілген.
Жаңғырықтармен, жаңғырықтармен құмығу,
Тіршілік деген келер күндерге жүгіру.
Тіршілік деген құлап қалсаң да қайтадан
Тұру керектігін ұғыну.
Керегі қанша жұмағы жұмбақ елестің,
Балғын күндерім, бәйтерекке теңестің.
Шаршама жүрек, мен мәреге жетпестен
Құлауға тиіс емеспін.
Тіршілік-тентек, ғажайыптардың кілтісің.
Жапырақтарын сұлу шетендер сілкісін.
Анам көзіне ұялап қалған мұң менен
Жанарымдағы асау-тәкаппар күлкісің!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі