Жалғызым – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Жалғызым» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жұлдыз тамып, бір-бір үміт сөнеді.
...Көк жүзіне қарамайды ел енді...
Сен аспанды көре алмай қалдың деп,
Асфальттардан аршып алғым келеді...
Қайда барсам, қайда шықсам Ой тауы.
Ой таулардан тек мұңайып қайтамын.
Сен булығып... жылап жатыр екен деп,
Мен үнемі бесік жырын айтамын...
Діріл қақты, діріл қақты кіл айдын.
...Бұл адамдар қорықпайтын сыңайлы...
Сен құмығып... үрейленіп кетті деп,
Заманадан тек тыныштық сұраймын.
Сені көрсем, жылап-жылап жасыған,
Мен қалайша үнсіз қалам?! Басылам?!
Сен күрсініп... уайымдап қалар деп,
Мен өзіңнен көз жасымды жасырам,
Жерім менің...
Жерім менің...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері