Бұл бетте «Аяу» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаншама өмір, қаншама өмір сүрілмей,
Қанша ғасыр кірпігіміз ілінбей,
Түңілетін сәттерден де түңілмей,
Үгілетін сәттерде де үгілмей
Жақсылыққа сенеміз...
Сүрінгіміз келсе дағы сүрінбей,
Жүрек жылап жатса дағы, күлімдей,
Жанымызды, о, тілімдей, тілімдей,
Басқаларға бір азабы білінбей
Жақсылыққа сенеміз...
Мың бір мұңнан айығып та үлгермей,
Дүниеге жаңа ғана келгендей,
Жақсылыққа қайта-қайта сенген-ей
Сені аяймын, шер кеуде...
Сені аяймын, шер кеудем...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі