Ақ кеме күткен жолаушы – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Ақ кеме күткен жолаушы» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өрт болып кеудем...
Жанымда мың күйік бардай.
Қызыл да жасыл дүние қым-қуыт қандай?
О, мендік мұңның түбі жоқ.
Түбі көрінбес
Айвазовскийлік тұңғиықтардай.
Тұңғиықтарда тұншықтым.
Толқын тіледім.
9 вал ашу – жазылмаған дүр жыр едің...
Айдын бетінде мөлдіреп жатқан арым бар.
Арым бар аппақ.
Дүние-ай, неткен кір едің?!
Ой – дауа деуші ед.
Сорларым – ойдан.
Ой – даушы...
Бір асау ойға бір абыз ойым бұғаушы.
Мақпал-ау, сен ғой ғасырлық төзімдеріңмен
Ақ кеме күткен жолаушы,
Ақ кеме күткен жолаушы!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері