Таусылмайтын күрестерде кім ұтты?
Бұл бетте «Таусылмайтын күрестерде кім ұтты?» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таусылмайтын күрестерде кім ұтты?
Кейде жалған жақсылықты жығыпты.
Соққы ал, мейлі, құлап қалғын, бәрібір
Ақтау керек үмітті.
Керек емес деп армандар бір күндік,
Жүрегім-ай, біз екеуміз бұлқындық.
Терең-терең тыныстауға уақыт жоқ,
Біздер ұлы самғауларға құлшындық.
Араламақ едім ғой мен ай төсін,
Жете ме оған сол арманға бай көшім?!
Сен қабақты шыта қалсаң, ей, өмір,
Мен күлдіріп жіберемін, қайтесің?
Тым-тырақай қашып кетсін бүліктер,
Қуаныш-ей, құшағыма күліп кел!
Өмірімді өлтірмейтін басқа емес,
Өлең көзді үміттер!
“Ақталады үміттердің бәрі ертең''
Мені осы ой оятады таңертең!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі