Көктем
- 0
- 0
Күн жылына бастады, көктем келді,
Ұнатамын бетімен өпкен желді.
Шартылдайды найзағай көк аспанда,
Салып жатыр қып – қызыл отпен белгі.
Бұл бетте «Бақыт құшағында» атты Тұманбай Молдағалиев жазған бақыт туралы өлең берілген.
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба,
Қатығыңды түндегі шайқадың ба.
Құлшынасың толқындар алып қашып,
Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.
Наурыз келді ауылға нарға мініп,
Қаңқылдап жүр аспанда қарға күліп.
Жадырайды дүние жарқылдайды,
Жақын келіп қалғандай алдағы үміт.
Ай қарады көгілдір көл бетіне,
Қыз қарады көлдегі келбетіне.
Қосылды да, қос сәуле құшақтасты,
Мөлдір толқын төсінде тербетіле.
Жайлау ғой мынау жарасқан
Арал – төбе бауыры.
Төбеден неге әрі асқан
Сәулешімнің ауылы
Атам ұстап асау тайды, тізгіндеп,
Әкеп берді, мінсін бала біздің деп.
Қарғып міндім, қыр көрсетіп достарға,
Күнде мені жүретұғын жүз күндеп.
Әже
Тақпақ
Дико
«Бақыт құшағында» деген өлең жүректі жылытып, ерекше сезімге бөлейді! Өлеңнің әрбір жолы махаббат пен шаттықтың нәзік қалыбын, көктемнің әсем көріністерін бейнелеп, оқырманға жүректен шығатын шынайы эмоцияны жеткізеді. Көзден ұшқан ұшқыннан басталып, жүрекке жылы ұшталатын сезімдер өлеңнің бойында біртіндеп өсе түседі — бұл қазақ поэзиясының бай тілі мен сезім тереңдігін айқын көрсетеді. ❤️