Түнгі цехта

Бұл бетте «Түнгі цехта» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1332
Ұзақ түн... Цехта әлі шың қағылған,
Тілдесіп тетіктермен сыры алуан.
Гулетіп станокты тұр жұмысшы,
Күй тыңдап маховиктің ырғағынан.
Зымырап қилы құрыш тегершігі,
Темірлер жамырасқан ерен шулы.
Сермеліп шебер қолы жұмысшының,
Мелшиген шойындардан үн өршіді.
Тың бір ток серпілткендей сол бір цехты.
Сөйлеткен тың тетікті, сом бөлшекті
Заводтың кең кеудесі көтеріліп,
Төсінде шыңдағандай келешекті.
Шыққандай мың мотордан күй ағыла.
Есіп тұр жұмысшының қиялында.
Дабылы партияның цехты қозғап,
Ойларым өрлеткендей қия-қырға.
Сол қырдың түлемеген тұл дүзінен
Ағылған машиналар тың қызумен.
Заводтан тракторлар самсап жонға,
Жайқалып іздерінен дән тізілген.
Мақтаныш — заводының ер дабысы,
Тыңдаған цехтың күйін қыр алысы.
Соғылған станокта шар болаттар —
Отанның құрсанатын қорғанысы.
Қиырға құрылыстың зіл жүгімен
Тынымсыз маховиктер зыр жүгірген.
Сол цехтан қозғалғандай өмір көші,
Жайнады жұмысшының жүзі нұрмен.
Айқасты темірлермен білектері,
Қызуын құрыштардың үдеткелі.
Түн түгіл, ол ертеңгі озды күннен,
Заводта гулеп жаңа күй өктеді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі цехта өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Түнгі цехта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі цехта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнгі цехта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері