Ат екен бір аспаншыл – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ат екен бір аспаншыл» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1865
Ат екен бір аспаншыл
Құспен, сірә, аталас.
Асқар таудан аспанша
Құмары әсте тарқамас.
Бар еді бір маң жартас,
Суға құлап кетердей.
Басында оның аң жортпас
Иесіз қалған мекендей.
Қос айылды нық тартып,
Алмақ болдым соны мен,
Шықты жүйрік бір шалқып,
Самғап келген бойымен.
Пау-пау, жасыл дүние
Ылғи осындаймысың?
Сәскедегі күйінде
Сәнді-ақ екен байғұсың!
Биіктіктің қадірін
Жаңа білді-ау жан - денем.
Аяқ асты - бәрі күн,
Алақанда - бар әлем.
Мынау жартас, бұл теңіз,
Аттап кетсең - шыңырау.
Төрт құбыла - өлкеңіз,
Төбеде аспан - зымырау.
Астымда ақбоз арғымақ,
О, пенделік, о, ғұмыр,
Осы күйде қалғым-ақ
Келді менің мәңгі бір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ат екен бір аспаншыл өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ат екен бір аспаншыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ат екен бір аспаншыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ат екен бір аспаншыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері