Келешек күндерге сәлем! – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Келешек күндерге сәлем!» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1687
Күндер, Күндер! Жылдың жақсы күндері,
Қайырлы таң, қасиетті түндері,
Сендер солай бір-біріңе ұзатып,
Бізді апарып тастайсыңдар ілгері
Ілгеріде игі тілек, арман бар,
Болмас оған бізден бұрын барғандар.
Күндер, Күндер, саулық, бақыт аямай,
Бізді соған аман-есен жалғандар!
Біз сендердің қадіріңді ұққанбыз,
Біздер жаңа жұрттанбыз.
Аспан астын жалауларға толтырып,
Күнмен бірге көк жиектен шыққанбыз.
Бізді - «Күннің балалары» дейді әлем,
Ленин өзі Күн сияқты бейнемен
Жүгімізге беріп кеткен белгі нұр,
Күндей айқын сөзіміз де сөйлеген.
Менің асыл Коммунистік Күндерім,
Мың қуаныш - сол күндерде жүрмегім.
Жерден Күнге ен жақын ел - Отаным,
Күн қасында отандасым тұр менің.
Күндер, Күндер,
Сәлем,сәлем мол саған.
Дүние тыныш, дүние бейбіт болса аман
Бұл тілекпен шығарып сап біріңді,
Бұл тілекпен келесіңді қарсы алам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келешек күндерге сәлем! өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Келешек күндерге сәлем! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келешек күндерге сәлем! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келешек күндерге сәлем! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері