Сарыарқа – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Сарыарқа» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2305
Сарыарқа жерге қойған елдің аты,
Бір сөзде ата қазақ махаббаты,
Болжаған болашағын сан ғасырға
Даланың данышпаны — дана қарты.
Сап-сары, сары алтынмен туысқандай
Малынып маржан дәнге тұрыс қандай!
Жетеді көк жиекке көзін талып,
Арада егіннен бос қуыс қалмай!
Теп-тегіс жер алтынмен қапталғандай,
Сан ғасыр бұзылмастан сақталғандай,
Комбайн бір шетінен тіліп алып,
Жүйткиді олжасына мақтанғандай.
Шашау жоқ шебер қолмен қиған шауып.
Ер анау ел ырысын жиған шашпай,
Бұл жерде молшылықтың оты маздап,
Адамнан адам бақыт қызғанбастай.
Отанның сары қазаны бұрқ-бұрқ қайнап,
Орнаған осы араға ошақ сайлап,
Бас қосқан барлық ұлттың өкілдері
Сыйласқан бірін-бірі «Ағатайлап».
Бәрінің олжасы ортақ, алары бір,
Еститін қуанышты хабары бір
Атқан таң, шыққан күнге, туған айға
Артатын мақсаты мен арманы бір.
Дәл солай ұлы астықты ұлы халық
Ұласып жатыр қолмен жиып алып.
Көк Нұра, Тобыл, Торғай, Есіл, Ертіс
Ойнайды күн нұрымен күліп ағып.
Жарасқан күміс толқын алтын қырға,
Баптанып байтақ дала балқып нұрға
Қақ жарып қара өзендей ағады асфальт
Шақырып жолаушыны шарқ ұруға.
Мыңдаған шақырымдар қалады артта,
Қайрылып мұрша бермей қарамаққа,
Қол бұлғап алтын сабақ бидайымен
Шығарып Жетісуға салады Арқа!
Жетесің бауырыңа, туысыңа
Керемет тыныс қосып тынысыңа,
Сонан соң түсінде де шаттанасың,
Толассыз туған жердің ырысына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарыарқа өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Сарыарқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарыарқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарыарқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері