Қаныш үйінде – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қаныш үйінде» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1340
— Ассалаумағалайкүм!
— Әлей, достар!
Жамырап қайдан жүрсің,
кілең қошқар?
Қанекен жымиғандай болды бізге,
Сағынып бағзы күнін әзіл қостар.
Ашылып кең маңдайы одан сайын,
Сұрасып саулық жайын, өлең жайын,
Көзінің шуағымен шомылдырып,
Дегендей еріндері: «Айналайын!»
Мол жеткен жан-жағына жақсылығы,
Болмаған мейірімде тапшылығы,
Кісі ғой — рахаттың сарайындай,
Есігі әрқашан да ашылулы.
Кеткен соң сәлемші жұрт, қонақ толып
Қозғалып орынынан тұрмақ болып,
Секілді қам жасамақ ойында бар,
Жап-жаңа Жезқазғанды жырлап болып.
Уа, көңіл, қиял жүйрік жұмсап қана,
Әкелдің оны бізге бір сәт қана,
Алдымда ақ мәрмәрдан мүсіні тұр
Жымиып баяғыдай жұмсақ қана.
Тұғыры кіл асыл тас өзі тапқан,
Қойнында туған жердің тұнып жатқан.
Көтерген ел асылын жер асылы,
Не мықты мынау биік махаббаттан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаныш үйінде өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қаныш үйінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаныш үйінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаныш үйінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері