Шақпақ тас – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Шақпақ тас» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2305
Инженер, дос сыйлаған
Жез аралас шақпақ тас.
Серіктейсің сен маған
Жанымнан от жоқтатпас.
Жалғыз түйір қалпыңмен
Болдың неткен аяулы-ақ!
Туған жердің салты мен
Қасиетін баяндап.
Жалт-жұлт етіп қарайсың
Талай сурет көзге әкеп!
Сыбырлайсың талай сыр
Көңілімді қозғар — көп.
Қара қазан Қарсақпай,
Жезқазғанның көлемін —
Сенің осы кішкентай
Кескініңнен көремін.
Абзал достар еңбегі,
Әзілі мен күлкісі,
Өздері өскен жердегі
Жарқын жолы, түр-түсі, —
Бәрі кезге түсетін
Асыл сәуле шыныдай,
Туған жердің бір шөкім
Сүп-сүйкімді сынығы-ай!
Инженер дос сыйлаған
Жез бунақты шақпақ тас,
Серіктейсің сен маған
Серілерді жоқтатпас!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шақпақ тас өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Шақпақ тас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шақпақ тас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шақпақ тас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері