Екі шыбын

Бұл бетте «Екі шыбын» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Танысы мұны көріп келе жатқан,
Астында Өгізі бар сабан тартқан.
«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сөйле, - дейді, - сен қай жақтан?»
Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,
Адамсып, маңызданып, жөтеледі:
«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,
Мазалап, сұрап саған не керегі?»

* * *
Адамды кейбір түрлі алып еске,
Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.
Біреудің я қайратын, я дәулетін
Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?
Кейбіреу көтереді мұрнын көке,
Өз әлдін өзі білген адам көп пе?
Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді,
Біреудің шылауында жүріп текке.


Пікірлер (17)

сандугаш

Маган оте унады

е мае

жаттау онай екен

Элапон

Күшті

Ару

Күшті жаттау тез гой. МЫҢ АЛҒЫЫС

Яна

Мвган жаттау оте киын

каракат

ОТТЕ ЖАКСЫ КОП КЛП РАХМЕТ

мергали

оте жаксы

Назека

Емтиханга улкен комек болды

Амина

Сиздерге коп-коп ракмет! Маган катты унады.

Нурила

Керемет тамаша маган унады.

айжан

керемет

Алишер Кудыреталы

Көп рахмет жаттау оңай екен

Асем

Күшті екен , тез жаттауға болады

Садық Жанбай

Өте керемет өлең. Мен қолдаймын, сіздер ше?

Айгерім

Өте күшті жане оңай жаттау да оңай

.

Норм

али

онай

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі шыбын өлеңінің авторы кім?

Ахмет Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Екі шыбын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі шыбын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ахмет Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі шыбын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері