Самарқанд – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Самарқанд» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2217
Самарқанд сары қала сары алтыннан
Өзбектің қолыменен жаратылған,
Өзбектің қиялымен қырық жаңарып,
Өзбектің жаныменен жаңа туған.
Онда бар сән сарайлар, сан сарайлар
Сарқылған саламын деп қаншама ойлар
Онда бар мұнартқан мұнаралар
Алтынды алыс төбе, алшақ айдар.
Талайлар көремін деп шалқалаған,
Көрмесе көз құмары тарқамаған.
Онда бар өнерпаздың сиқыр қолы,
Ғасырлар есімін бір атамаған.
Солай деп Әмір Темір тілегені,
Атаусыз қала берген ұл өнері.
Сан сабаз Самарқандты салып өткен,
Солардың Шарафитдин біреуі еді.
Өнері алабынан артқан ұста,
Қажын деп бас кетсе де, артқа нұсқа,
Салғанда Ақ Тұрханның мұнарасын
Есімін жазып кеткен қалтарысқа.
Гур-Эмир, Бибиханым, Регистан,
Шах-Зинда көзді тартып тұр алыстан.
Хандардың сарайлары толып жатыр,
Сүйегі әлдеқашан қурап ұшқан.
Басса да ғасыр шаңы көлегейлеп,
Өшпеген өнер салған шебер өрнек,
Солардың иығынан аса қарап,
Өзбектің Самарқаны келеді өрлеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самарқанд өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Самарқанд өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самарқанд өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самарқанд өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері