Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)

Бұл бетте «Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Арғы атасы қажы едi
Бейiстей татқан шәрбәттi.
Жарықтықтың өнерi
Айтуға тiлдi тербеттi
Адалдық, ақыл жасынан
Қозғапты, тыныштық бермептi,
Мал түгiл жанға мырза едi.
Әр қиынға сермептi.
Мұңды, шерлi, жоқ-жiтiк
Аңсап алдын кернептi.
Бәрiнiң коңiлiн тындырып,
Бiреуiн ала көрмептi.
Әдiл, мырза, ер болып
Әлемге жайған өрнектi.
Тәубесiн еске түсiрiп,
Тентектi тыйып, жерлептi.
Қазақтың ұлы қамалап,
Iздеген жүзiн көрмек-тi.
Ақылынан ап қайтқан
Өлгенше болар ермек-тi.
Ол сыпатты қазақтан
Дүниеге ешкiм келмептi.
Өлмейтiн атақ қалдырып,
Дүниеге көңiлiн бөлмептi.
Жарлығына алланың
Ерте ойлаған көнбек-тi.
Олар да тiрi қалған жоқ,
Тiрлiк арты өлмек-тi.
Оны да алды бұл өлiм,
Сабыр қылсақ керек-тi.


Пікірлер (1)

Әбіләз

Давай давай керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi) өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері