Менсінбеуші ем наданды

Бұл бетте «Менсінбеуші ем наданды» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.02.2019
  • 0
  • 8
  • 27064
Менсінбеуші ем наданды,
Ақылсыз деп қор тұтып.
Түзетпек едім заманды,
Өзімді тым-ақ зор тұтып.
Таппадым көмек өзіме,
Көп наданмен алысып.
Көнбеді ешкім сөзіме,
Әдетіне қарысып.
Жан шошырлық түрінде,
Бәрі бірдей еліріп.
Ұстай алмадым бірін де,
Кекиді кейін шегініп.
Әринемен ел кетті,
Қоқиланды, мақтанды.
Қуат бітті, күн өтті,
Жарылқа, Құдай, жатқанды.
Мен — қажыған арықпын,
Қатын-бала қонағы.
Сендерге де қанықпын,
Жұртың анау баяғы.
Жарлы емеспін, зарлымын,
Оны да ойла толғанып.
Жұртым деуге арлымын,
Өзге жұрттан ұялып.
Барымта мен партия —
Бәрі мастық, жұрт құмар.
Сыпыра елірме, сұрқия,
Көп пияншік нені ұғар?
Татулықты, тыныштықты
Қоңыр көрер, кем көрер.
Ұрлық пенен қулықты
Қызық көрер, өңі енер.
Мұндай елден бойың тарт,
Мен қажыдым, сен қажы!
Айтып-айтып өтті қарт,
Көнбеді жұрт, не ылажы?


Пікірлер (8)

Сезім

Өте күшті

Сезім

Өте күшті

Надыр

Абайдың «Менсінбеуші ем наданды» өлеңі – жүректі ауыртқан, ойды тербеткен шедевр! Абай – қазақтың ақылы, жүрегі, ұяты! Бұл өлеңді оқыған сайын надандықтан аулақ болуға, татулыққа, ақылға ұмтылуға деген құлшыныс арта түседі. Мұндай өлеңдер – мәңгілік сабақ! Әр қазақ оқып, ой түюі тиіс. Абай Құнанбайұлы – жүрегімізде мәңгі! ❤️

Дарын

Әдемі

Айзере

Өте жақсы жазылған бәрі дұрыс анық жазы

Ваппспппт

Амрә

Мұхамеджан

Өте дұрыс жазған оны анау надандарға айту керек

Арука

«Менсінбеуші ем наданды» — Абай Құнанбайұлы шығармашылығындағы терең ойлы, философиялық мәні мол туынды. Бұл өлеңде ақын қоғамдағы надандық пен екіжүзділік мәселелерін өткір көтеріп, жалғыз адамның білімсіздік пен түсініксіздікке қарсы күресте қаншалықты қиындық көруге мәжбүр екенін көрсетеді. Абай надан көпшілікке ақыл айтса да, көпшіліктің өзгере қоймайтынына өкініш білдіріп, рухани дамуға шақырады. Өлеңнің тақырыбы қазіргі қоғам үшін де өзектілігін жоймаған, себебі әр адамның бойында тәрбиелік, парасатты өсуге деген ұмтылыс болуы қажет екенін айқын жеткізеді. Бұл поэзиялық сөздер қазақ әдебиетінің асыл бағасы ретінде бағалануға лайық әрі оқырманға ой салатын күшті шығармалардың бірі.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менсінбеуші ем наданды өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Менсінбеуші ем наданды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менсінбеуші ем наданды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менсінбеуші ем наданды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері