Ұлы сөз – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ұлы сөз» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1653
Дүние болса-дағы үйлі-жанды,
Тарсынбай бір-ақ залға сыйды да алды.
Пәледен соғыс деген тазартуға
Құт мекен — әлем атты үйді мәңгі.
Ашылды зор мәжіліс — күзгі желдің
Басылды бар дыбысы. «Сөз білемнің»
Талайы сөйлеп өтті, зал толқыды
Басшысы сөз алғанда біздің елдің.
Сөйледі ол бізге таныс үніменен,
Ап-айқын бар ақиқат, шыныменен.
Онда жоқ бұлталақтау, тайғанақтау,
Етпеді есерлердің шуын елең.
Тыңдады бар зейінмен мың сан халық,
Баяғы отар деген құрсау қалып,
Өмірі өрге басып, өркендеген
Сөйледі ол өз қазағын мысалға алып.
Сөйледі қысылмастан, алқынбастан,
Тыңдады қыбыр етіп, зал тұрмастан.
Адамзат бақытының кілті жайлы
Бейне бір оқығандай алтын дастан.
Сөйледі ол елестетіп туған елін,
Ойында ойда завод, қырдағы егін,
Ойында бар әлемнің тыныштығы
Дерліктей: «Өзі сөйлеп тұр ма Елім?
Асырды ол өз елінің атақ-даңқын,
Аударып жер жүзінің махаббатын.
Ризамын, Қазақстан, мен сен үшін
Осынау ұлы сөзде аталды атың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы сөз өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ұлы сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері