Көктем-дос – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Көктем-дос» атты Ғафу Қайырбеков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2190
Аппақ аспан, қалған қыстан
Жасылданды кенеттен.
Жасыл талдың түсін алды
Жер бетіне мен еккен.
Аспан — айна, қостамай ма
Сол мінезбен ісімді.
Өнерімді — мәнерімді
Келбетіне түсірді.
Сол аспанға таласқанға
Тәкаппарсың тау да мәз.
Көктем — бала, шимай сала
Қалдырмапты сау қағаз.
Жыр жырласам, гүлге арнасам
Риза маған, туған жер.
Арнап сыйды, бар жақсымды
Демек дәйім жырлай бер.
Ән шырқасам, бұлттан асам —
Аспан қағып алып тұр.
Тау жаңғырып, таңдай ұрып,
Бұлақ қайта салып тұр.
Бала-көктем, алабөтен
Жаныма өзің жақынсың.
Сәніңменен, бәрін менен
Сен айнытпай жатырсың.
Өмір ісін, сенім күшін
Тұрасың бір молайтып.
Табиғатқа адамзаттың
Құдіретін сен айтып.
Білем сені, сүйем сені
Бар жүректің күшімен.
Осынау бір асыл, мөлдір
Мәңгі достық үшін мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем-дос өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Көктем-дос өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем-дос өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем-дос өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері