Құлын – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Құлын» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1654
...Күні тұр көк заңғарда сәскеліктің.
Жұрнағы бір ай жауған ескі бұлттың
Асығыс оңтүстікке барады ауып,
Дегендей ұзақ жолға кеш тұрыппын.
Жап-жасыл бар төңірек, дала жайраң,
Табасың мұндай жұпар ауа қайдан!
Көк бие, қара құлын жүр алапта
Жолығып жолаушыға анадайдан.
Құлдырап құлын шауып, ұзақ қашып,
Жонынан шық төгіліп, жазыққа асып,
Жазылып бала бауыры, келеді ағып
Аузымен бидайықты үзіп, шашып.
Тағы да желік билеп, желмен ойнап,
Көк шалғын, қоңыр салқын белді бойлап
Зымырап жөнеледі сағым жыртып,
Садақтың оғындай боп атқан байлап.
Ол қайтсін шаба бермей, ес білмесе,
Ұршықтай жер бетіне түсті кеше.
Көсіліп көк далада кете бермек,
Шақырған ана даусын естімесе.
Естіді... жалт бұрылды... келеді ағып,
Қарайды ұл шабысын ене бағып.
Келеді Сахараның cap самалы
Жүгіртіп, жұдырықтай денені алып.
Туған жер, бауырыңда ұлың бүгін,
Сүйеді ойыңды күн, қырыңды күн.
Көз тігіп жаңағы бір суретіңе
Есіме түсіп кетті құлын күнім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлын өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Құлын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері