Салқын ауа, самал жел – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Салқын ауа, самал жел» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4969
Қайран дала, туған жер,
Қасиетің нендей - ді?!
Сағымды сай, мұнар бел
Көз алдымда көлбейді!
Екеу ме еді жүрегім,
Сен сыйлаған кеудеме?
Тұрсын, ба ұстап біреуін,
Ыстық - ақсың сен неге?
Көңіл шіркін құс білем,
Кетті көгіңді аралап.
Мұндай ғажап күшті мен
Ұға алдым ба бағалап?
Сәлем, сауық сайран күн,
Сағынып қалған екенмін,
Иісіңнен сенің айналдым,
Бесігім, туған мекенім.
Шырқа, туыс, сала бер,
Әнің бір ыстық, тамаша - ай!
«Салқын ауа, самал жел —
Қостанайдың даласы - ай!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салқын ауа, самал жел өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Салқын ауа, самал жел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Салқын ауа, самал жел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Салқын ауа, самал жел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері