Хайуанаттар дүкенi – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Хайуанаттар дүкенi» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ашылыпты
Хайуанаттар дүкенi,
Дүкеннiң бұл
Дүниеде үлкенi!..
Аң менен құс,
Жан-жануар атаулы
Келiп жатыр,
Хабарды естiп бiлгенi.
Келушiлер
Дүкенге таң қалады,
Өздерiне
Қажет затын алады.
Маймақ аю қомағай-ау,
Балдың ол
Бiр кеспегiн
Домалатып барады.
Шаңырақтай
Мүйiз iздеп бұланың,
Төрт таға алды
Тұяғына құланың.
Дүкен iшiн
Қызықтап жүр аралап,
Есек байғұс
Салпитып дəу құлағын.
Өлшеп үкi
Нұры тайған көзiне,
Көзiлдiрiк
Сатып алды өзiне.
Түйе сорлы
Ұмытып қап, əне тұр,
Алар затын
Түсiре алмай «есiне...»
Торғай дəндi
Өлшетiп тұр бiр табақ,
Мысық келiп,
Аралап жүр мұрт қарап.
Сегiзаяқ
Алса сегiз акваланг,
Бəтеңкенiң
Қырқын алды қырықаяқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хайуанаттар дүкенi өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Хайуанаттар дүкенi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хайуанаттар дүкенi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хайуанаттар дүкенi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері