Келді ол солай колхозға

Бұл бетте «Келді ол солай колхозға» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1495
1
— Апарып та салайын
Мына қырдың асты екен!
— Жоқ, өзім - ақ барайын.
Дала ауасы жақсы екен!
Бір дүр ете түсті де,
Машина кетті зымырап.
Көк майсаның үстінде
Жапырылған ізі қап.

2
— Сізбен бірге бір шопыр,
Келеді деп естіп ек.
Бөгеп бәлкім шаруасы
Шыққан шығар кешірек?! —
Деді колхоз бастығы
Қарсы ап тұрып қонағын.
Мал дәрігері — жас жігіт
Қақты үстінен жол шаңын.
Сәл аз ғана күлімдеп,
Бастыққа ол тұр қарап:
— Аз дейсіз бе бір күнге
Түпкілікті бір қонақ! —
Жайнап жүзі тұр жігіт,
Қарап қапты басекең...
Бір қозғалып қойды жұрт,
Деп, «әзілі жақсы екен!»
— Шопыр келер, болмаса,
Ол бәлдене бермес тым.
Жолдас, бастық, мен де онша.
Жаман шопыр емеспін!
Ду күлісті тұрған топ:
«Уа, іске сәт, іске» — деп.
Жатыр бастық: «тоқтау жоқ.
«Газик» пе, әлде «Зис» пе? — деп.
— Ал, ендеше тағы да
Қол тұрмасын, батыр, кел!
Алғашқысы дәрігерлік,
Шопырлыққа тағы әкел! —
Ду күлісті тұрған топ
Қошеметті пішінмен.
Көздерінде ойнап от
Бәрі риза ішінен.

Қазан, 1953 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келді ол солай колхозға өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Келді ол солай колхозға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келді ол солай колхозға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келді ол солай колхозға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері