«Тышқан көз» деген – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте ««Тышқан көз» деген» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2525
«Тышқан көз» деген бұлақ ол,
Тәтті де суы шекерден.
Қандырып сусын, шығады ол
Шілдеде шып-шып шекеңнен.
Балауса шөпті жапырып,
Балалар бақа қуады.
Ақ көбік сабын сапырып,
Аналар кір-қоң жуады.
Іргені түріп, самалдап,
Көлеңке басын келтіріп,
Алдында қымыз «ал, ал!» - деп,
Ақындар жатар лепіріп.
Ac үйде анау келіншек
Көтеріп аппақ шараны,
Көзге бір жайнап көрінсе,
Көңілің ойнақ салады.
Сабаз-ай десей, сайран күн,
Сен ұмыт болар ма екенсің?
Соңымнан тауы Баянның
Телміріп қарар ма екенсің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Тышқан көз» деген өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

«Тышқан көз» деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Тышқан көз» деген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Тышқан көз» деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері