Ғали Ормановқа – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ғали Ормановқа» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1414
«Бүркітті» шыңның басында
Кезіккен кетпес естен күн.
«Баянжүрек» басында
Бақытты сағат кешкен күн.
Үш ақын едік онда біз,
(Ұласып ұрпақ өспей ме?)
Ұшатын едік онда біз
Қиялмен қия төскейге.
Ортада - менмін. Баста - Сіз,
Балапан жырау сәл артта.
Самғаушы едік бастап біз
Сәріде, сәтті сағатта.
Жоңғардың аппақ шындары:
«Жол болсын» дейтін кіл бізге.
Өлеңнің өршіл ұлдары
Шығушы ек шұғыла - күмбезге.
Самғауық әулет, сан ұрпақ –
Самұрық, бүркіт құстарың,
Қалатын еді таңырқап
Адамның көріп ұшқанын.
Қайтатын едік содан біз
Сақайып, шабыт, әл жинап.
Саптыаяқ толы cap қымыз
Қанына қайрат, нәр құймақ.
Ақын - достық қызық-ақ –
Серуен қиял - серікпіз.
Күн сәулесін үзіп ап,
Өлең жасаушы едік біз,
Шебер жасаушы - едік біз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғали Ормановқа өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ғали Ормановқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғали Ормановқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғали Ормановқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері