Ерім менің мойныма кете берді
- 0
- 0
Ерім менің мойныма кете берді,
Көп көріп ем көктемде көтеремді.
Сүйеу көрмей сүреңсіз тіршілігім,
Бір жығылып, бір тұрып өте берді.
Ерім менің мойныма кете берді,
Көп көріп ем көктемде көтеремді.
Сүйеу көрмей сүреңсіз тіршілігім,
Бір жығылып, бір тұрып өте берді.
Тордағы арыстандай аласұрдым,
Қылғытты тірлігімді қара сұр күн.
Жүрекке қырау қатқан секілденді,
Көрмеген жақсылығын жанашырдың.
Ойларым мақсат еткен тірліктегі,
Қаншама қамшы бастым, бір бітпеді.
Ғұмырдың қырық жылын қыр асырдым,
Сонда да жұрттан асып, білдік нені?!
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі