Мазалайды – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Мазалайды» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 938
Қайтейін дүниенің дүр екенін,
Сүйретіп ластап жүр кір етегін.
Жетеді «жауынгерлер» алтынға құл,-
Олар көп... қайтіп қана күресемін?

Пендені мынау жалған батыл еткен,
Көтермей асап жатыр басын еттен.
Даңқ пен қарын ғана қастерленіп,-
Бұл күнде қорықпайды ақыреттен.

Тірлікте өкініш мол кегім кеткен,
Суғармай майсасында егін кепкен.
Даярлық арғы әлемге мазалайды,-
Табылар өле кетсек кебін, кетпен...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері