Намыс оты лапылдап өзегімнен – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Намыс оты лапылдап өзегімнен» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 740
Намыс оты лапылдап өзегімнен,
Өн бойымды күйдірсе жалындатып.
Қайтіп қана қорлыққа төземін мен,
Жарқ етпеген өлім ғой жанып жатып.
Өктемдік пен төзбеймін жолсыздыққа,
Оспадарлық көрсетсе, кектенемін.
Есе кетіп, қор болдық онсыз қыртқа,
Бейпілдерге «тоқтат сен» деп келемін.
Қыңыр сөзді жек көрдім, көтермедім,
Ыза басқа тебеді қаным керіп.
Кім біледі мен де асып кетер ме едім?
Түсіреді сабама Сабыр келіп.
Күйдіргенде жүректі намыс қарып,
Ұмытамын шатынап өзімді-өзім,
Ымыраның ауылы алыс қалып,
Найза ұшқындар ойнайды көзімде мың.
Білмегендей бейсауат қала алмаймын,
Жәбірленген пендеге жақтасамын.
Сонсоң барып иманға алаңдаймын,
Өртенгенде ұяттан ақ бас арым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Намыс оты лапылдап өзегімнен өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Намыс оты лапылдап өзегімнен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Намыс оты лапылдап өзегімнен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Намыс оты лапылдап өзегімнен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері