Айдан анық – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Айдан анық» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2145
Ақынның сезіміндей сиқыр бар ма,
Бағынбас цитаттарға, цифрларға.
Күш бар ма, құдірет бар ма ақынға тең
Күмбірлеп кеудесінен күй туғанда?
Бұл өзі таңғажайып ғажап болмыс,
Қылдай бір кірбіңіңнен азап көргіш.
Шар болат кейде бірақ шамырқанса,
Басына тамұқ туғыз, тозақ келгіз!
Қорықпайды қыпылықтап, тайғанақтап,
Қаруға қарсы жүрер қойған оқтап.
Өйткені жүрегінде кіршігі жоқ
Ол адал,
Айдан анық – Айдан аппақ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері