Гөй-гөй! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Гөй-гөй!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 920
Таусылмайды жыры гөй-гөйдiң.
Алтай шөгiп,
Алатау көшкенше сөйлеймiн.
Атырау суалып,
Қаратау өшкенше сөйлеймiн.
Аспанда Ай лағып,
Жұлдыздар сөнгенше сөйлеймiн.
Тiршiлiк таусылып,
Түрiктер өлгенше сөйлеймiн.
Таусылмайды гөй-гөйiм!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері