Кідіретін, аялдайтын не қалды – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Кідіретін, аялдайтын не қалды» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 793
Кідіретін, аялдайтын не қалды,
Көктемімді өткен уақыт – сел алды.
Бәрі өзгеріп бара жатыр біртіндеп,
Өзгермеген жүрегім тек ең арлы.
Сиқырларға алдырмадым арбатып,
Содан келді басымдағы бар бақыт.
Жүрегіме жүгінемін сәт сайын,
Тұғырына хан көтерген Алла атын.
Арманыма бағдар еттім Алла атын,
Жасымадым, жарық па әлде алда түн
Сабырымды жолдас еттім жолыма,
Оза шауып шықпаса да алға атым.
Көзім жетті, көңіл сенді, ми мақұл,
Құп көрді де мадақтады құйма тіл.
Құлы болып жаралыппын Алланың,
Мендік жүрек Жаратқанды сүйді, ақыл.
Сүйдім, Раббым, ғашықтығым – дидарың,
Қандай рахат ақ нұрыңды құйғаның.
Екі әлемде жалғыз байлық жан сақтар –
Ием берген, иемденген Иманым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кідіретін, аялдайтын не қалды өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Кідіретін, аялдайтын не қалды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кідіретін, аялдайтын не қалды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кідіретін, аялдайтын не қалды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері