«Ақша» деп айтты ұмыттың – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте ««Ақша» деп айтты ұмыттың» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1605
«Ақша» деп айтты ұмыттың,
Намаз да қалды барылмай.
Елеусіз қалды ұлық күн,
Күнәдан жүрсің арылмай.
Аллаһқа бір сәт сиынбай,
Ұйқыда жаттың төсекте.
Құдайсыздықтан тиылмай,
Шайтанға ердің, өсекке!
Адал мен арам бөлінбей,
Сенуден аулақ сенделдің.
Тазару керек, көмілмей,
Жұмақ не Тозақ – өлген күн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері