Бал өмір – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бал өмір» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бал өмір, балбырайын саяңда елтіп,
Бақыт бер, абырой бер баянды етіп.
Күліп кеп күңірене шығатұғын,
Дос берме, туыс берме аярлы етіп.
Жақын боп жарбақтаған есеппенен,
Жымқырып жұлқып-жұлқып жесек деген.
Сатқыннан сақта мені, сақта Құдай,
Сырт берсең, атқылайтын кесекпенен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бал өмір өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Бал өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бал өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бал өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері