Александр дюма және астархан алабы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Александр дюма және астархан алабы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.11.2015
  • 0
  • 1
  • 24311
Бір сәт шықпай ойынан
Бұйра толқын, Ақ жазық,
Атыраудың бойынан
Отыр Дюма хат жазып:
"Кітап болып ермегі,
Қанша білім игерсін,
Бірақ Дала көрмеген
Түк көрмедім дей берсін!
Армансыз бір демалып,
Аунау қандай жаз құмда.
Бақасындай Сенаның
Бықып жүрген қаз мұнда!
Салты бөлек басқа үйдің
Ерте тұрар,
Кеш жатып.
Жағасында Каспийдің
Салдық көбін қаусатып!
Киіз үйден жасаулы
Көз сүзеді үміттер.
Шалма тастап асауға,
Шіренеді жігіттер.
Жас балалар жарысар
Жайдақ мініп атыңа.
Алып келген алыстан
Қызығады затыңа...
Жүрек шіркін шерменде,
Жаттап сезім дәрісін.
Желігесің Көргенде
Желмаялар жарысын.
Түстім ұзақ, асықпай,
Басқұншақтың тұзына.
Көз жүгірттім
Асықпай
Қалмақтардың қызына.
Жатырқағыш қарағым,
Жат мінезден азатпын.
Қиылып-ақ қарадым
Қыздарына қазақтың!
Қалай қонақ сыйлайды
Сахараның сүйрігі!
Қос табаққа сыймайды
Қазақы қой құйрығы!
Ақсүйектер баяғы
Ас еместі ас депті.
Дәмін татқан жаяның
Жемес еді басқа етті!
Күн қызарып батады
Қызғылт нұрын шұбатып.
Жапан қалғып жатады
Жұтып алып шұбатын!
Көргенің жөн көзіңмен
Қолыңның бір босында.
Қырдың халқы сезінген
Қызық тірлік осында!
Кітап болып ермегі
Қанша білім игерсін,
Бірақ Дала көрмеген
Түк көрмедім дей берсін!"


Пікірлер (1)

Kara Kim.

Оте жаксы екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Александр дюма және астархан алабы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Александр дюма және астархан алабы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Александр дюма және астархан алабы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Александр дюма және астархан алабы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері