Жеңгелерге ризамын! – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Жеңгелерге ризамын!» атты Гулназ Кабулова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2018
  • 0
  • 1
  • 11005
Сағынғанда іздеп барам төркін деп,
Қарсы алады құшақ жайып күлімдеп.
Жаны жайсаң жеңгелерім алдымнан,
Күтіп алды, сұлу бикеш келді деп.
Жеңгелерім инабатты ибалы,
Жақсы келін бола білді еліне.
Үлгі болып келіндердің бәріне,
Көрсетеді жақсы болу амалын.
Жеңгем менің досым әрі сырласым,
Айта алам бар сырымды жасырмай.
Керек кезде табылады қасымнан,
Жеңгем менің нағыз сырлас досымдай.
Жеңгелерім атқарғанда қызметін,
Көрсетеді кішілерге ізетін.
Көргенімде жеңгелерді осындай,
Риза болып үлгі тұтам тосылмай.
Қызметіңді атқара бер шаршама,
Бойыңда бар жақсы өнер қаншама.
Сәлеміңді сала бергін иіліп,
Риза болып бата берсін ата-ана.
Батаменен бақыт қонсын басыңа,
Бар сәттілік жолдас болсын қасыңа.
Құдай қосқан қосағыңмен өмірде,
Бақытты боп жүргін сен де жанында.


Пікірлер (1)

Эсмира

Маған осы өлең ұнады рахмет коп коп

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңгелерге ризамын! өлеңінің авторы кім?

Гулназ Кабулова — осы өлеңнің авторы.

Жеңгелерге ризамын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңгелерге ризамын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гулназ Кабулова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеңгелерге ризамын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері