Мені ақын деп білмей-ақ қой, білмесең – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мені ақын деп білмей-ақ қой, білмесең» атты Қанипа Бұғыбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 808
Мені ақын деп білмей-ақ қой, білмесең,
(Көкірегім – жұлдыз толы жыр кесем).
Жыр кесемді быт-шыт етіп кейде бір,
Өз-өзіммен күресіп көп күн кешем...
Жұлдызыммен бірде жанып, бірде өшем,
Жыр көшеммен қаламасаң жүрме сен.
Уақытпен биіктеп бір жанады,
Күл астында жатқан шоқты үрлесең.
Белгісіз боп өшер, бәлкім, көп ізім,
Жолаушының ерте шыққан жолы ұзын.
Қорқыт баба күйіне бір қосылып,
Аңыратам Молықбайдың қобызын...
Қуанам да, сәл нәрсеге қайғы алдым,
Қайғыдан да күш тауып бір қайралдым.
Өз-өзіммен күресемін кейде мен,
Жүргендей-ақ ішінде отты майданның!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері