Есімде алғаш – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Есімде алғаш» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1923
(Бәдешке)

Есімде алғаш...
Өлең айт — деп өтіндің...
Әттең, сонда әнші болмай өкіндім,
Өлім еді тілегіңді қайтару —
Мен бір үлкен тәуекелге бекіндім.
Қиын болды әнші емеспін — деу маған,
«Сен де жігіт, өзгелердей сен де адам» —
Деген адал, ақ сеніммен қарадың,
Балғын едің бала көңілің қалмаған.
Кетті дереу кеудеме бір дем кіріп,
Тұрса-дағы жайымды өзге ел біліп,
Батылданып, балқып тұңғыш жырладым,
Өзімді өзім өнерпаз деп сендіріп.
Тыңдады жұрт, тыңдадың сен беріліп,
Тұрды, әйтеуір, маған солай көрініп.
Көптен бері мазасыз ой билейтін,
Ол ойдан да қалдым сонда серіліп.
Әрбір тұстан қошеметтеп жатыр үн,
Мен бітірдім әрең жетіп батылым,
Жұрт дуылы саябырлай бергенде, —
Әнші екенсің, — дедің маған ақырын.
Сөйдедің де, ризалықпен болдың шат,
Иығыма мейрімді бір қол жұмсақ
Асылды да қайта түсті кідірмей,
Уа, дариға, уа, дариға, сол бір шақ...
Бұл дүниенің бар мақтауын жинаса,
Жинап әкеп, маған ғана сыйласа,
Амалың не, соның бәрі мен үшін,
Сол кештегі бір сөзіңе тұрмаса!
...Содан бері өтті жылдар дөңгелеп,
Маған ұқсап қасыңда жүр бір бөбек,
Сондағыдай жұрт көзінше тағы бір
«Әншісің!» деп айтпай қойдың не керек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есімде алғаш өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Есімде алғаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есімде алғаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есімде алғаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері