Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 713
Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық,
Күз боп шалқып, кетеді ол әнге ұласып.
Алма ағашы жұпарын бұрқыратып,
Аппақ гүлі төгіліп, талды басып.
Ғашық болып қаламын жазға, жаным,
Ғашық болып қаламын сазға жалын,
Мен сүйемін өмірдің маздағанын,
Сия тамған ұшынан қауырсынды,
Мәңгі ғашық жүректің жаз ғазалын.
Жап-жасыл боп кенеттен кеткенде әлем,
Аһ ұрам да, қараймын көктемге мен.
Түкпірінен көңілдің жайлау көрем,
Көгілдір түн ендікке жеткенде кең,
Құйылады жерден де, көктен де өлең.
Ұласқанда аспан көк алқарамен,
Жарқырайды барынша гаухар-әлем.
Сексен көлім айна боп шағылысып,
Шабыт буып теңселген ортада өлең.
Сырнайлатып сары күз келгенінде,
Сағынышым шайқалды шөлмегінде.
Жатыр менің Сенімім кестеленіп,
Өлмес күннің жасампаз өрнегінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері