Август таңы – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Август таңы» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1198
Мына таң, август таңы ыстық маған,
Көлдерде әлі оянбай құс ұйықтаған.
Қырларда әлі сәуле жүгірмеген
Жолдармен жалғызаяқ, қисықтабан.
Қап-қара түннен шығып сап-сары егін,
Даланың ақ самалын, тартса лебін,
Қиратып күнді біреу тастағандай,
Шулатып алыстағы аспан елін.
Шашылған сонау күннің сынықтары,
Қайтадан жер төсінен тұрып бәрі.
Аспанға алтын саусақ көтергендей,
Қызық қой жас егіннің қылықтары!
Демейтін алтын маған, күміс саған,
Мың есе ризамын тұрмыс, саған!
Адамның маңдай тері күн боп шығып,
Күн болып туған жерде тыныстаған.
Сөзбенен «бақ жанады, еңбек жанбақ»
Келген ел арманына арман жалғап,
Тұр қазір сол еңбек те, сонау бақ та
Туған жер кеудесінде жанып лаулап!
Мына таң, август таңы туыс маған!
Таусылып соңғы бір сәт тыныстаған,
Сәлден соң жер аспандай дүріл қағып,
Сәлден соң құятұғын ырысты адам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Август таңы өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Август таңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Август таңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Август таңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері