Тау Қоңыр – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Тау Қоңыр» атты Ғафу Қайырбеков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2072
Созылады екен тау Қоңыр
Сексен де тоқсан шақырым.
Бауырында бұлақ бар не бір
Ағатын шапшаң, ақырын.
Құт екен дерсің қойнауын
Қаймағы, сүті неткен көп!
Шалғыннан шыққан қойлардың
Омырауы көкпеңбек.
Асылар қойлар тауларға
Алқадай бейне тізіліп.
Тау басын шайқап қалғанда
Түсердей жерге үзіліп.
Ашылар сурет алдыңнан,
Қаз-қатар, оңнан, солдан да.
Арылмас мәңгі мал бұдан
Қоңыртау ғажап қорған ба?!
Жайлау да жайлау. мол жайлау,
Жаныңды жатқан шақырып,
Жарықтық жайсаң Қоныртау
Сексен де тоқсан шақырым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау Қоңыр өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Тау Қоңыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау Қоңыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау Қоңыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері