Барлық-Арасан – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Барлық-Арасан» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2754
Жаныңа ем —
Дәру қарасаң,
Іздеп сен
Баруға жарасаң —
Жетісу бойы
Ыстық су —
«Алма-Арасан»,
«Қапал-Арасан» —
Бәрінен мықтысы
«Барлық-Арасан».
Алдында бүйректей
Тауды қарасаң,
Бейне бір шүмектей
«Барлық-Арасан»,
Атылған аспанға
Ақ жалын секілді,
Ем дейді орасан
Ауруға не түрлі.
Сондықтан ол «Барлық»
Атанған ежелден.
Қайнатпай қазандық,
Сол суға салып ап
Етін де жей берген.
Аңыз ба ол, бәлкім,
Ел, бірақ, емделген.
«Барлық» не? — денсаулық,
Барлық, амандық.
Аз күн жол салып,
Бардық, дем алдық.
Жаныңа ем —
Дәру қарасаң,
Іздеп сен
Баруға жарасаң,
Жетісу құты,
Ып-ыстық сүті,—
«Барлық-Арасан»
Еліңе айтып
Тауыспас тамашаң,
Шіркін,
«Барлық-Арасан!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлық-Арасан өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Барлық-Арасан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барлық-Арасан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барлық-Арасан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері