Қорғанбек ағама

Бұл бетте «Қорғанбек ағама» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1369
Сағым болып барады күн кешегі.
-Мініңді де түзейді сын- деседі.
Көкшедегі қайың мен қарағайдай,
Өнерің өлеңіңмен үндеседі.
Жастайынан жыр ескен қанатынан.
Аға едің ерекше, дара туған.
Абылай мекендеген сұлу көкше,
Сол Көкшеде жан едің жаратылған.
Туын ұстап,
ә
ділдік ақиқаттың.
Келесіз жолыменен шариғаттың.
Адам жаны сол үшін сұлу болар,
Ә
сері туған жердің, табиғаттың.
Алатау қазағымның шыңы, бағы.
Ұлытауым оны да ұғынады.
Қаратау, Тарбағатай қазынамыз,
Нағыз ерлер Көкшеде туылады.
Асы дәмді болады егесімен.
Өткенді шығармайды ел есінен.
Жазарыңыз көп болсын,
Жүз жасаңыз,
Жүзіп жүріп қарттықтың кемесімен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорғанбек ағама өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Қорғанбек ағама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қорғанбек ағама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорғанбек ағама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері