Элегиялар – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Элегиялар» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2042
Ымырттағы, ту сырттағы бір шырақ,
Көлбеңдейді көзге жылы ұшырап.
Қанатың жоқ қағып қалып жететін
Қамығасың кірпігіңді құр шылап.
Жалынасың, «жаным дейсің» ала кет!»
Неғыласың, жақындамай ол әлек.
Сабыр сана, жабырқама, жасың сүрт,
Таны да қой, жастық шіркін сол-ау! деп.
* * *
Көңіл қайтты көп ойнақы сөздерден,
Жазды оны жаттап алып кез келген.
Жазған да ақын, жаттаған да ақын боп
Өлең қазір танымастай өзгерген.
Бала десең бала үйретіп әкесін,
Көрмей ісін көзге басып қатесін,
Ойыншықты өзің ойнап тоздырған
Қайта ойна деп әкеп берсе, қайтерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Элегиялар өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Элегиялар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Элегиялар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Элегиялар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері