Сау булилар! – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Сау булилар!» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1281
Мырзашөлді мырза қылған
Еңбек сүйгіш бір туысқан,
Гүжтаны гүл жамылған
Өзбекстан, Өзбекстан!
Фархадтың зор махаббатын
Жұлдыз еткен көзге алыстан,
Кеткен алыс атақ-даңқың
Өзбекстан, Өзбекстан!
Жүз тағамың, мың қызығың
Бар бақытың — бізге дастан.
Жақсы отаны ұл-қызыңның
Өзбекстан,Өзбекстан!
Кетпес естен, шықпас ойдан,
Гәзәл қыздар, кәттә жігіт,
Бізге келіп, салып сайран
Қайтыңыздар атқа мініп.
Кең далада кең көсіліп
Кешіңіздер мың сан жорық.
Гәпірісіп, көңіл өсіріп,
Қайтыңыздар хұрсан болып.
Би биле де, өлең басқар,
Салулы жай, салқын үй бар
Көріскенше, көне, достар,
Сау булилар, сау булилар!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сау булилар! өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Сау булилар! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сау булилар! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сау булилар! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері